MCPNew: now works with Claude & AI assistants
Nazarbayevuniversity1

Nazarbayevuniversity1

Ғылыми технолог (Материалтану) (0,5 штаттық бірлік, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыста болған қызметкерді алмастыру кезеңіне)

Company

Nazarbayevuniversity1

Role

Ғылыми технолог (Материалтану) (0,5 штаттық бірлік, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыста болған қызметкерді алмастыру кезеңіне)

Location

Astana, ASTANA, kz

Job type

Full-time

Found on Mokaru

Yesterday

Share this job

Salary

Not disclosed by employer

Job description

Лауазымның мақсаты (көздеуі)

Өлшеулердің дәлдігін, қайталанымдылығын және қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өндірушілердің нұсқаулықтарына сәйкес талдаулар мен өлшеулер жүргізеді, пайдаланушыларды оқытады, сондай-ақ бекітілген жабдыққа техникалық қызмет көрсету, талдауларға дайындау және калибрлеу бойынша регламенттік жұмыстарды орындайды.

Міндеттері (міндеттер, негізгі жауапкершілік салалары және функциялары)

Бөлімше қызметін стратегиялық және операциялық басқару:

  1. тікелей басшының нұсқаулары мен тапсырмаларын адал орындау, жұмыстардың орындалу барысы туралы уақтылы кері байланыс беру және күтілетін нәтижелердің орындалуын қамтамасыз ету;
  2. Бөлімше шеңберіндегі операциялық жағдай, тәуекел аймақтары, кадрлық мәселелер және стратегиялық мүмкіндіктер туралы тікелей басшымен тұрақты әрі ашық коммуникацияны қамтамасыз ету;
  3. тікелей басшының және Бөлімше басшысының мақсаттары мен бастамаларын белсенді түрде ілгерілету және іске асыру, үлгі бола отырып, қызметкерлерге, серіктестерге және пайдаланушыларға қолдау көрсету;

Университеттің ғылыми-зерттеу жабдықтарына қолжетімділікті ұйымдастыру және ғылыми өлшеулер жүргізуге жәрдем көрсету:

1) Аналитикалық химия, материалтану, микроскопия және биология салаларындағы жабдықтарда тәжірибелер мен өлшеулер жүргізу;

2) Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау және зерделеу, кейіннен эксперименттер мен өлшеулер нәтижелерін талдау мен теориялық тұрғыдан жинақтау, сондай-ақ есептер дайындау;

3) Университеттің ғылыми-зерттеу жобалары шеңберінде эксперименттік және зертханалық жұмыстарды орындау кезінде ғылыми қызметкерлерге, профессор-оқытушылар құрамына және студенттерге техникалық консультациялар беру;

4) Жабдықтың жаңа пайдаланушыларына консультациялар беру және оларды оқыту, сондай-ақ басқа пайдаланушылардың жұмысын мониторингтеу;

5) Университеттің ғылыми қызметкерлері мен зерттеушілеріне сапалы ғылыми қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету;

6) Пайдаланушыларға тиімді қызмет көрсету мақсатында эксперименттік қажеттіліктер мен техникалық мәселелерді талқылау, хаттамаларды әзірлеу және кейіннен енгізу бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ проблемалық және даулы жағдайларды жедел шешу үшін байланыс тұлғасының функцияларын орындау.

Ғылыми-зерттеу жабдықтары мен зертханалық үй-жайларды басқар:

  1. Кезеңдік диагностика мен профилактикалық техникалық қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіру арқылы зертханалық жабдықтардың тиімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  2. Жабдықтың жұмысында ақаулар мен істен шығулар туындаған жағдайда, жөндеу жұмыстарын өз күшімен және/немесе білікті мамандарды тарта отырып уақтылы жүргізу;
  3. Әзірленген нұсқаулықтар мен өзге де техникалық құжаттамаға сәйкес жабдықтың әртүрлі тораптарын кезеңдік калибрлеу және юстирлеу арқылы ғылыми-зерттеу жабдықтарын техникалық пайдаланудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  4. Университеттің ғылыми қауымдастығының сұраныстары мен ғылыми-зерттеу жобаларының қажеттіліктеріне сәйкес зертханаларды техникалық жарақтандыру, зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарын сатып алу жоспарларын әзірлеуге қатысу;
  5. Зертханалардың паспорттарын, зертханалардағы және ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасына қатысты қағидалар мен рәсімдерді әзірлеуге қатысу;
  6. Ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланатын қызметкерлер мен пайдаланушылар арасында зертханалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәдениетін енгізу және дамытуға жәрдемдесу.

Білім

Жаратылыстану ғылымдары немесе сабақтас инженерлік бағыттар (мысалы, химия, физика, биология, материалтану, химиялық инженерия, биомедициналық инженерия және т.б.) бойынша бакалавр немесе маман дәрежесінің болуы, ағылшын тілінде білім беретін жоғары оқу орнын бітіргені құпталады.

Білім тәжірибесі 

Тиісті салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы немесе тиісті сала бойынша магистр дәрежесі болған жағдайда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

1) Физика, химия, материалтану және биология салаларындағы теориялық білім;

2) Зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік талаптарын білу;

3) Сынамаларды дайындау негіздерін және әртүрлі үлгілерге қойылатын талаптарды білу;

4) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңнамасын білу;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңын, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Кәсіби дағдылар:

  1. Бөлімшенің қызмет бағыттарына сәйкес келетін аналитикалық химия, оптикалық және электрондық микроскопия, материалтану, биотехнология және басқа да салалардағы жабдықтармен жұмыс істей білу;
  2. жабдықтардың жұмыс істеуіне қатысты жаңа ақпарат пен жаңартуларды меңгеруге дайындық және қабілеттілік;
  3. шығыс материалдары мен жабдықтарды сатып алу үдерістерін, шарттар немесе өзге де келісімдер жасасу тәртібін түсіну;
  4. Жалпы және/немесе техникалық есептерді, оқу материалдарын, қауіпсіздік жөніндегі құжаттаманы және өзге де құжаттарды дайындауға қажетті жазбаша және ауызша коммуникация дағдыларына ие болу.
  5. дербес компьютерді сенімді деңгейде меңгеру, оның ішінде MS Office бағдарламаларын (Word, Excel, PowerPoint), электрондық поштаны және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану;
  6. ғылыми, техникалық және операциялық персоналдың әртүрлі санаттарымен тиімді жұмыс істей білу.

Қажетті құзыреттер:

  1. Жауапкершілік және егжей-тегжейлерге ұқыптылық таныту;
  2. Клиентке бағдарлану – ішкі клиенттердің (студенттердің, оқытушылардың және бөлімше басшыларының) қажеттіліктеріне сезімталдық таныту;
  3. Инновациялылық – жаңа құралдарды, тәсілдерді және шешімдерді енгізуге ашықтық таныту;
  4. Этика және сенім – кәсіби этиканың жоғары стандарттарын сақтау, құпиялылықты қамтамасыз ету және ашықтық қағидаттарын ұстану.
  5. Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values

Resume ExampleCover Letter Example